Абай облысы Полиция департаментінің бастығы ауысты

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Эльдар Данияров енді Абай облысы Полиция департаментіне жетекшілік етеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Эльдар Данияров
Фото: Астана ПД

Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Абай облысы Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды.

Абай облысы Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды
Фото: Абай облысының әкімдігі

Бұл қызметке бұған дейін Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған полиция полковнигі Эльдар Нұрланұлы Данияров тағайындалды.

Абай облысы Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды
Фото: Абай облысының әкімдігі

Таныстыру шарасына қатысқан облыс әкімі Берік Уәли Полиция департаментінің жаңа бастығының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға әрдайым айрықша көңіл бөледі. Президентіміз «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң ұстануды мемлекет тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатының негізгі кепілі ретінде айтып келеді. Абай облысында да бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында өңірде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік ахуалы тұрақты деңгейде сақталып отыр. Полиция департаментінің жаңа бастығы Эльдар Нұрланұлы өз қызметінде абыройлы еңбек етіп, Абай облысының тұрғындарының сенімін ақтайды деп сенім артамыз. Сіздер жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізесіздер деп үміттенемін. Облыс әкімдігі өз кезегінде полиция қызметкерлерімен әрқашан тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайын. Басты мақсатымыз — тұрғындарымыздың тыныштығы мен өмір сапасын қамтамасыз ету. Осыдан бір ай бұрын өткен Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы кезінде осы тәртіп сақшылары белсенді жұмыс істеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып облыс халқы атынан алғысымды білдіргім келеді, — деді аймақ басшысы.

Абай облысы Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды
Фото: Абай облысының әкімдігі

Осыған дейін Қызылорда облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы тағайындалғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар