Абай облысында Аягөзден шыққан жерде 100-ден астам көлік кептелісте тұр

АСТАНА. KAZINFORM – Боран мен күн райының күрт бұзылуы салдарынан Аягөз қаласынан шығатын жолда 100-ден астам автокөлік кептелісте қалып қойды. 

Абай облысында Аягөзден шыққан жерде 100-ден астам көлік кептелісте тұр
Фото: Видеодан алынған скрин

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жағдайды бақылап, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Жүргізушілерге сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының нұсқаулықтарына сәйкес әрекет ету ұсынылды. Ауа райы жақсарғанша полиция көлік колоннасын Семей – Алматы тас жолына дейін алып жүруге дайындық жасауда. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктер ақпан айына ауа райы болжамын жасағанын хабарлаған едік. Сондай-ақ ауа райына байланысты Жамбыл және Абай облыстарында жол жабылды. 

Соңғы жаңалықтар