Абай облысында мемлекеттік жер телімін заңсыз пайдаланғандар анықталды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Өңірде мемлекет меншігіндегі жер телімдерін өз бетінше иелену фактісі тіркелді.
Бұл жағдай ҚР АШМ ЖРБК облыстық жер ресурстарын басқару департаменті қызметкерлерінің жоспардан тыс тексерісі барысында анықталды.
Тексеріс барысында Семей қаласында орналасқан жер учаскесін бір серіктестік құжатсыз және құқықтық негізсіз заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Мұндай әрекеттер ҚР жер заңнамасының талаптарын өрескел бұзу саналады.
Тексеру қорытындысы бойынша азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Серіктестікке айыппұл салынды, заңсыз иеленген жер телімі босатылды.
Айта кетейік, Алматыда мемлекет мұқтажына тағы 32 жер телімі алынады.
Қарағандыда заңсыз жекешелендірілген мектеп ғимараты мен жер телімі мемлекетке қайтарылды.