Абай облысында полиция шамамен 400 автокөлікті қауіпсіз сүйемелдеді
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысындағы кейбір автожол учаскелерінде ауа райының кенеттен нашарлауына байланысты уақытша қозғалыс шектеулері енгізілді. Басымдық — адамдардың қауіпсіздігі, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тәуекелдерді азайту мақсатында полицейлер жедел түрде автокөліктерді колоннамен сүйемелдеді.
— Патрульдік полиция экипаждарының нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында облыс бойынша шамамен 400 автокөлік қауіпсіз өткізілді, оның ішінде 234 жеңіл және 95 жүк көлігі бар. Қозғалыс кезең-кезеңімен, тұрақты бақылауда және бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізілді. Қабылданған шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, кептелістерді болдырмауға және трассалардың ең қиын учаскелерінде кедергісіз өтуге мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.
Колонналарды ұйымдастыру қолайсыз ауа райы жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тиімді профилактикалық шараға айналды.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерге үндеу жасады:
•ауа райы болжамын мұқият қадағалаңыздар;
•жылдамдық режимін қатаң сақтаңыздар;
•қауіпсіз қашықтықты сақтаңыздар;
•автожол жағдайы туралы ресми ақпаратты пайдаланыңыздар.
Ведомство атап өткендей, уақытша шектеулер кезінде полиция және жол қызметкерлерінің заңды талаптарын сөзсіз орындау — жалпы қауіпсіздіктің кепілі. Жолдағы тәртіп — ортақ жауапкершілік. Қауіпсіздік — басты мақсат.
Осыдан бұрын Павлодар полицейлері соңғы тәулікте 400-ден аса көлікті сүйемелдегенін жазған болатынбыз.