Абай облысындағы тағы бір жолда көлік қозғалысына тыйым салынды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысындағы жолдардың бірі жабылды. 

Абай облысындағы тағы бір жолда көлік қозғалысына тыйым салынды
Фото: Абай облысы ПД

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты жолдардың бірі жабылады.

– Облыстық маңызы бар «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» тасжолының 72-87 шақырымында (Шемонаиха қаласынан Абай облысы шекарасына дейінгі аумақ) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады. Сондықтан жүргізушілерді бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға шақырды.

Еске салсақ, осыған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлағанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар