Абайдың «Қара сөздері» ортақ түркі әліпбиінде жарық көрді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Халықаралық Түркі академиясы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, бірнеше басылымның тұсауын кесті.

Абайдың «Қара сөздері» ортақ түркі әліпбиінде жарық көрді
Фото: Халықаралық Түркі академиясы

Басқосуда алғаш рет 1954 жылы Бакуде кирилл қарпімен жарық көріп, содан бері қайта басылмаған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Абай» деп аталатын алғашқы екі кітабы әзербайжан тілінде қазіргі латын әліпбиіне аударылып жарық көрді. 

Сонымен бірге Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» ортақ түркі әліпбиі негізінде шығарылды және қазақ абайтанушысы Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың мұрагерлері» еңбегі түрік тіліне аударылды.

Абайдың «Қара сөздері» ортақ түркі әліпбиінде жарық көрді
Фото: Халықаралық Түркі академиясы

Жиында сөз сөйлеген Түркі Академиясының президенті, академик Шаһин Мұстафаев Абай мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі өркениетіне ортақ құндылық екенін атап өтті.

Түркі Академиясының президенті, академик Шаһин Мұстафаев
Фото: Халықаралық Түркі академиясы

— Түркі Академиясының жаңа басылымдары — ұлы ойшылға деген құрметпен қатар, түркі әлеміндегі мәдени бірлік пен сабақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам, — деді Ш. Мұстафаев Алматыда Абайдың рухани мұрасына арналған халықаралық конференцияда.

Сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қүрішбаев конференцияға қатысушыларға бейнеүндеу арқылы құттықтау сөзін жолдады.

Абайдың «Қара сөздері» ортақ түркі әліпбиінде жарық көрді
Фото: Халықаралық Түркі академиясы

Айта кетейік, Түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясы 34 әріптен тұратын үлгі ұсынған еді.

Еске сала кетсек, түркі халықтарының тарихы туралы екі томдық жинақ шығады. Бірінші том география, саяси және этникалық тарих жайында болса, екінші кітапта мәдениет жағы қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар