Абхазиядағы жарылыс: 60-қа жуық адам жараланды, 5-інің жағдайы аса ауыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Абхазиядағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан жарақат алғандар саны 60-қа жуықтады.

Абхазиядағы жарылыс: 60-қа жуық адам жараланды, 5-інің жағдайы аса ауыр

Республиканың денсаулық министрлігі ұсынған алдын ала мәліметтер бойынша,  жараланғандардың бесеуінің жағдайы аса ауыр. Гудаут аудандық ауруханасына - 42, ал Сухуми республикалық ауруханасына 27 адам жеткізілген. Олардың 27-і жатқызылды.  Зардап шеккендердің 19-ы ресейліктер. 

Абхазия ІІМ-інің мәлімдеуінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да қорғаныс министрлігінің қоймасында болды. Қойма елді мекендерден шалғай орналасқан.