Әбиба Әбужақынова дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды
АТЫРАУ. KAZINFORM — Париж Олимпиадасына қатысып, 5-орын алған Әбиба Әбужақынова дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағынды.

Бұл туралы дзюдошы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болдым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ, Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым», — дейді Әбиба Әбужақынова.
Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың еншісінде әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі бар. Ол 48 келі салмақта күреседі. Атырау облысының атынан Париж Олимпиадасына қатысқан ол қола жүлде үшін белдесуде швед палуанынан ұтылып қалды. Дегенмен, төртжылдық додада 5-орынға тұрақтады.
«Менің сынуға, жеңілуге, налуға және күреспеуге құқығым жоқ деп ойлаймын! Мен әлі-ақ жарқ етемін», — деген еді Олимпиадан кейін Әбиба Әбужақынова.
Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған Әбиба мен Эсмигүлге көлік сыйлағанын хабарлаған болатынбыз.
Кейін дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға үшінші көлік сыйға берілгенін жазған едік.