Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында әзербайжандық Вусал Галандарзадені жеңді.

Сондай-ақ Абылайхан Жұбаназар алғашқы айналымда аустралиялық Кейшин Очидан басым түскен еді.

Енді Абылайхан ширек финалда оңтүстіккореялық Ли Ен Хванмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жарыстың үшінші айналымына өткенін жазғанбыз. Алайда ол сербиялық Михайло Симинге есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.