Әбу-Даби турнирінде Рыбакина мен Путинцева бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 3-8 ақпан аралығында өтетін Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді.

теннис
Фото: Kazinform

Өткен жылы осы жарыста жеңімпаз атанған, әлемдік рейтингіде 5-орында тұрған Елена Рыбакина Әбу-Дабиде 1-ракетка болып тіркелген.

Өткен жылғы чемпиондық атағы мен 500 ұпайын қорғайтын қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 62-ракеткасы, америкалық Кэти Волынец немесе рейтингіде 90-сатыдағы ұлыбританиялық Сонай Карталдың қай жеңгенімен кездеседі.

Әлемнің 20-сыншы, осы доданың 4-ракеткасы Юлия Путинцева да екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы әлемнің 36-ракеткасы, 2023 жылғы Уимблдон чемпионы, чехиялық Маркета Вондроушова немесе рейтингіде 56-орындағы ұлыбританиялық, 2021 жылы АҚШ біріншілігінде үздік шыққан Эмма Радуканудың біреуі болады.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларына бағаланған Әбу-Дабиге арнайы шақырту алған Э.Радукану бұрынғы жарақаттары мазаламайтынын, додаға дайын екендігін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогында Қазақстанның Пәкістан құрамасын ұтқанын жазған едік.

Теннисші Александр Недовесов ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.

 

Соңғы жаңалықтар