Дэвис кубогы: Қазақстан Пәкістан құрамасын ұтты
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында теннистен Дэвис кубогы аясында плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Пәкістанды ұтты.

Бүгін жұптық сында Александр Шевченко — Тимофей Скатов жұбы Акел Хан — Музамиль Муртазамен кортқа шықты.

Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық жұп брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды — 6:4.
Екінші сетте де корт иелері 3:1 есебімен алға кетті. Есеп 5:4 болғанда, матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндікті пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте есе жіберген жоқ — 7:6 (7:1).
Тартысты бәсеке 1 сағат 45 минутқа созылды.
Осылайша, есеп 3:0 болып, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Қалған ойын нәтижесі ештеңені шешпейді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогында Пәкістанмен матчта Бейбіт Жұқаевтың есепті 2:0-ге жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин Роттердам турнирінің іріктеу жарысын жеңіспен бастады.