«Адал азамат» бағдарламасы ата-аналардың белсенділігін екі есеге арттырды

АСТАНА.KAZINFORM – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы Қазақстанның барлық өңірінде мектеп оқушыларының мінез-құлқына оң әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде мәлімдеді.

«Адал азамат» бағдарламасы ата-аналардың белсенділігін екі есеге арттырды
Фото: Pexels

Ол өз сөзінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүргізілген сауалнама нәтижелері еліміздің барлық аймағында оң үрдістерді көрсетті деп атап өтті. 

– Солтүстік Қазақстан облысында респонденттердің 77 пайызы, Қостанай және Ақтөбе облыстарында 75 пайызы, Шымкент қаласында 74 пайызы бағдарламаның оқушылардың тәртібіне оң ықпал етті. Сондай-ақ бағдарлама оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал етіп жатыр, - деді А. Тәңірбергенова. 

Оның айтуынша, ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының құрылуы нәтижесінде мектеп өміріне тартылған ата-аналардың үлесі 42 пайыздан 82 пайызға дейін өскен.

Бағдарлама аясында өңірлерде мамандар мен жекеменшік мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылған. Сонымен қатар Астана қаласында Қазақстан, Азия және Еуропа елдерінің профессорлары мен сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, онда халықаралық мамандар бірыңғай тәрбие беру жөніндегі Президенттік бастама – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына жоғары баға берді.

Спикердің айтуынша, бұл бағдарлама жүйелі түрде іске асырылып жатыр және ол мұғалімдердің кәсіби әлеуетін дамытуға, ата-аналарды тартуға және оқушылар арасында ұлттық әрі азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға ауқымды үлес қосып отыр. 

Бұған дейін 2023 жылы пилоттық режимде басталып, 2024 жылы барлық білім беру ұйымдарына толық енгізілді. Қазіргі таңда еліміз бойынша 11 мыңнан астам балабақша, 8 мыңнан аса мектеп және 700-ден астам колледж бұл бағдарламаны іске асырып жатқанын жазғанбыз. 

Сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жаңа форматта жалғасатынын хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар