Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Адал азамат» бағдарламасының дизайн-коды барлық мектепке енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Экологиялық ағарту жұмысының бірыңғай стандарты қабылданады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.

Үш ауысымды мектептер азайып, балабақша кезегі қысқарды
Фото: Үкімет

— Тәрбие жұмысы — жан-жақты дамыған, жауапты әрі отаншыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. «Адал азамат» бағдарламасының бірыңғай дизайн-кодын кезең-кезеңімен енгізу еліміздің барлық мектебінде жалғасын табады. Оның мақсаты — заңға бағынатын, азаматтық жауакершілігі жоғары адал азамат тәрбиелеу. Жыл соңына дейін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Экологиялық ағарту жұмысының бірыңғай стандартын қабылдау және енгізу жоспарланған, — деді министр.

Оның айтуынша, қосымша білім беру жүйесінде білім беру, спорттық және шығармашылық мемлекеттік тапсырыстарды бірыңғай цифрлық платформада біріктірген мемлекеттік бірыңғай тапсырыстың жаңа моделін апробациялау жұмыстары жалғасып жатыр. 

— Қыркүйек айынан бастап қосымша білім беруді басқарудың бірыңғай цифрлық моделіне көшу мақсатында жоба Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Павлодар және Абай облысында кезең-кезеңімен масштабталады, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұған дейін жаңа оқу жылында оқушылар қандай курстарды міндетті түрде оқитынын жазған едік.