Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі Қарағанды облысы энергетика және ТКШ басқармасының бастығына қатысты үкім ертең шығарылады

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпараттар басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков мәлім етті.
«Бүгін Е. Өтешев жатқан облыстық медицина орталығында, палатаның маңында күзетші қойылды. Ертең оған айып тағылатын болады, бұлтартпау шарасын қабылдау жөнінде мәселе шешіледі», - деді Ж. Сембеков.
Бұған дейін хабарланғандай, 16 ақпанға қараған түні Қарағандыда жол-көлік оқиғасы орын алды, оның салдарынан 52 жастағы әйел көз жұмып, үш адам зардап шекті. Гоголь және Гудермес көшелерінің қиылысында жолдың қарсы бағытына шығып кеткен BMW автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla және Opel көліктерімен соқтығысты. BMW көлігін облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бастығы 41 жастағы Ерлан Өтешев басқарды. Сондай-ақ үш көліктің жүргізушілері ауруханаға жеткізілгенді.
Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.