15:57, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Адам өлтіргені үшін 24 жастағы ақтөбелік азамат қатаң режимде 8 жылға сотталды
АҚТӨБЕ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының қылмыстық істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Іс материалдары бойынша, оқиға үстел басында туындаған ұрыстан пайда болды. Жәбірленген азамат басқа қонақтардың көзінше сотталушыға тіл тигізді. Бұрын сотталмаған, жұмыс істемейтін жас азамат оған шыдамады. Алкогольдік ішімдікке тойып алған ол асүйлік пышақты алып, қасақана адам өлтіру мақсатымен жәбірленген азаматқа үш рет пышақ салды.
Алған дене жарақатынан жәбірленген азамат оқиға орнында қан көп кетуі салдарынан қайтыс болды.
Сот үкімі бойынша 24 жасар ақтөбелік қатаң режимдегі түзеу колониясында 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ.