Адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдікті Бакуде қолға түсті

АСТАНА. KAZINFORM –  Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша Баку халықаралық әуежайында 25 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдікті Бакуде қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Ол кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген. Күдікті жәбірленушінің ақшасын алу мақсатында оған дене жарақатын келтірген. Салдарынан ол көз жұмған. Кейін қаскөй мәйітті Алматы облысындағы Іле ауданына апарып тастап, өзі елден қашып кеткен. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауда.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтау тұрғынын тонаған ер адам интерполдың сұрауымен Мәскеуде ұсталды.

Соңғы жаңалықтар