Адам саудасына қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам саудасына қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл қадамдары ішкі істер органдары үшін үнемі өзекті. Себебі бұл проблема азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар министрлік басшылығының тұрақты бақылауында тұрғанын атап өткен жөн. Қазіргі кезде ішкі істер органдарының қызметкерлері аталған құқық бұзушылық бойынша 133 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық жауапкершілікке 48 адам тартылып жатыр», - деді С. Әділов онлайн режимдегі брифингіде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек өткен бір апта ішінде елімізде 2 862 қылмыс жасалғанын, оның 1 982-сі тәулік ішінде ашылғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар