Адамдар түсінуі керек: автомектепті ашқан кезде, ол жауапкершілікті өз мойнына алады

АСТАНА. KAZINFORM – Автомектеп бизнес емес, бұл – жүргізушілерді толыққанды даярлау. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында айтты. Сонымен қатар елдің бас полицейі жол қауіпсіздігі жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Адамдар түсінуі керек: автомектепті ашқан кезде, ол жауапкершілікті өз мойнына алады
Фото: Kazinform

Жол қауіпсіздігін сақтау үшін 25 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Жалпы республика бойынша олардың саны 1,5 млн-нан асады.

– Олар көше, жол қауіпсіздігін бақылауға арналған. Енді оны одан әрі де ұлғайтатын боламыз. Цифрландыру жүргізіліп жатыр, ауылдарға да жетті. Сол себептен бұл жұмысты күшейтетін боламыз, - деді Ержан Сәденов.

Спикер автомектептерге жеке тоқталып, оның түлектері аз уақытта жол-көлік оқиғасына ұшыраса, ауыр дене жарақатын алса, ол үшін жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.

– Ол адам автомектеп ашамын, оқытамын дегенде өзінің жауапкершілігін түсінуі керек. Автомектептер – жай ғана бизнес емес, жүргізушіні дайындайтын адам. Автокөлік – аса қауіпті көлік құралы, - деп атап өтті Ержан Сәденов.

Қарағанды автомектептерінің түлектері деректер базасындағы ақауға байланысты емтихан тапсыра алмай жүргенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар