Адамға ұқсайтын роботтар Бейжің ойындарында жаңа рекорд орнатты
АСТАНА.KAZINFORM - Адамға ұқсайтын роботтар 22-26 тамыз аралығында Қытай астанасында өтіп жатқан Екінші Дүниежүзілік ойындарда жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды CGTN.
Қытайлық антропоморфты «Тяньгун Ультра» роботы 100 метрге жүгіруді 9,39 секундта аяқтап, ямайкалық спринтер Усэйн Болттың 9,58 секундтық әлемдік рекордынан асып түсті.
400 метрлік финалда «Тяньгун» командасы 38,15 секунд уақытпен алтын медаль жеңіп алды. Бұл жарыстағы үш жүлдегер де адамдар арасындағы рекордты жаңартты.
Ұзындыққа секіруде «Тяньцзяо» командасы 7,97 метр нәтижемен жеңіске жетті, бұл қазіргі уақытта адамзат рекордынан (8,95 метр) артта қалып отыр. Жарыс бағдарламасына үстел теннисі мен ушу сияқты жоғары дәлдік пен жедел реакцияны қажет ететін спорт түрлері де кіреді.
Биылғы маусымда жарысқа 16 елден 666 команда қатысып жатыр. Барлығы екі мыңнан астам робот 51 жарыс түрінен бақ сынайды.
Бұған дейін Бейжіңде гуманоидты робот жартылай марафонда адамнан жылдам жүгіріп өтті.