Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы Мажарстан жазушысы Ласло Краснахоркаиға берілді

АСТАНА. KAZINFORM – Сыйлық Ласло Краснахоркаиға «апокалиптикалық сұмдық жағдайында өнердің құдіретін қайталайтын тартымды және көреген жұмысы үшін» берілді, деп хабарлайды BBC. 

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы Мажарстан жазушысы Ласло Краснахоркаиға берілді
Фото: BBC

Ласло Краснахоркаи – Орталық Еуропа дәстүріндегі Кафкадан Томас Бернхардқа дейінгі және абсурдизм мен гротескілік шектен шығушылықпен сипатталатын эпикалық шығармалардың авторы. Нобель комитеті жазушының өзге де шығармашылық қыры мен қарым-қабілеттерін жоғары бағалады. 

Еске сала кетсек, әдебиет бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығы оңтүстік кореялық жазушы Хан Ганға «тарихи ауыртпалықтарға қарсы тұратын және адам өмірінің нәзіктігін әшкерелейтін қарқынды, поэтикалық прозасы үшін» берілді. 

2025 жылдың лауреаттары

Нобель апталығы 6 қазанда басталды. Бұл күні физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы иммунитет жүйесін зерттегендерге берілді.  

7 қазанда 2025 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы америкалық университеттердің кванттық физиктеріне: Ұлыбританиядан Джон Кларкқа, Франциядан Мишель Деворе және АҚШ-тан Джон Мартиниске берілді. 

8 қазан күні химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды. 10 қазанда Ослода Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, ал 13 қазанда – 1968 жылы Швеция банкі құрған Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары бойынша Нобель сыйлығының лауреаты жарияланады.

Химия саласындағы Нобель сыйлығы металды органикалық каркас ойлап тапқандарға берілді. 

Соңғы жаңалықтар