Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің мәйіттері Қазақстанға 11 ақпан күні жеткізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Әділ мен Мирболаттың мүрдесі 11 ақпанда елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан мерт болған Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың мүрдесі 11 ақпанда елімізге жеткізіледі», - деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Сыртқы істер министрлігі Антакия қаласында жер сілкінісі кезінде үйдің қирауы салдарынан қаза тапқан отандастарымыздың туған-туыстарына көңіл айтатындығын жеткізді.

«Сыртқы істер министрлігі мерт болғандардың мүрдесін отанына жеткізу үшін барынша жан-жақты көмек көрсететін болады», - деді реми өкіл.

Естеріңізге сала кетсек, Түркияның Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында 9-ақпан күні таңғы сағат 9-да үйінділер астынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші мүрде - Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.

Ал бүгін Мирболат Құрмашевтің денесін құтқарушылар үйінді астынан алып шыққаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар