АЭС құрылысына қатысты референдум: Қырғызстанда дауыс беру басталды

БІШКЕК. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша республикалық референдумда дауыс беру өтеді. Бішкекте Астана уақытымен таңғы сағат 6:00-де (жергілікті уақыт бойынша 7:00) Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшілігі ғимаратында орналасқан №396 сайлау учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

АЭС құрылысына қатысты референдум: Қырғызстанда дауыс беру басталды
Фото: Гүлмира Әбдрахманова/Kazinform

Сайлау комиссиясының мүшелері мен қазақстандық дипломаттар референдум өтетін алаңның салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Рәсім Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. 

АЭС құрылысына қатысты референдум: Қырғызстанда дауыс беру басталды
Фото: Гүлмира Әбдрахманова/Kazinform

Елшіліктің мәліметінше, сайлаушылар тізімінде жеке, ресми, білім беру, іскерлік және туристік мақсатта Қырғызстанда тұратын немесе елде жүрген 300 қазақстандық бар. Олардың көпшілігі консулдық есепте тұрады. 

АЭС
Фото: Гүлмира Әбдрахманова/Kazinform

Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Одан кейін учаскелік комиссия мүшелері дауысты санауға кіріседі. Еліміздің азаматтары осы уақыт аралығында конституциялық құқығын жүзеге асырып үлгере алады. 

АЭС
Фото: Гүлмира Әбдрахманова/Kazinform

Дауыс беруге кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар қатыса алады. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек. 

АЭС
Фото: Гүлмира Әбдрахманова/Kazinform

Бұған дейін Сеулдегі референдумда бірінші қазақстандық болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова дауыс бергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар