18:03, 21 Қаңтар 2011 | GMT +5
Ағымдағы жылы елордада 3 маңызды денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елордада 3 маңызды денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін жұртшылық алдында есеп берген Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметов мәлім етті.

«2010 жылы біз Қарағанды тас жолы бойында орналасқан 3 нысанның құрылысын аяқтауға ниеттіміз. Олар 500 орындық көпсалалы стационар, 250 қабылдау жүзеге асыратын әйелдер консультациясы, бір ауысымда 150 адам қабылдайтын медициналық жедел жәрдем пункті», - деді аудан басшысы.
Қазіргі уақытта ауданда 11 аурухана, 3 емхана, 2 медициналық пункт және 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.