АХҚО лицензияланған платформаларда сауда жасау үшін Павел Дуровтың криптовалютасын мақұлдады

AIFC МФЦА  АХҚО
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана» халықаралық қаржы орталығының AFSA қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті лицензияланған платформаларда сауда жасау үшін Павел Дуров негізін қалаған Telegram Open Network блокчейніндегі Toncoin цифрлық активін қарастырды және мақұлдады.

«AFSA жан-жақты тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдады, онда Toncoin AFSA белгілеген нормативтік стандарттарға сәйкес келетіні анықталды. Енді инвесторлар АХҚО орнатқан сенімді реттеуші базаны және инвесторларды қорғау шараларын пайдаланып, AFSA лицензиялаған платформаларда Toncoin-ды саудалай алады», — делінген хабарламада.

TONCOIN-ді АХҚО реттелетін ортасына қосу қауіпсіз және ашық сауда нұсқаларын іздейтін институционалды және бөлшек инвесторлардың жаңа толқынын тартады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар