16:18, 07 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Аида Әбікеева бокстан Азия чемпионатының финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Аида Әбікеева финалға жолдама алды.

А.Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта таиландтық Тхананя Сомнуекпен қолғап түйістірді.
Аида жекпе-жек тізгінін бірден қолға алып, бір төрешінің бүйрегі жергілікті боксшыға ауғанымен, айқын басымдық танытты. Бірінші раундта тіркелген 4:1 есебі сақталып қалды.
Осылайша, Виктория Графеевадан кейін Аида Әбікеева да соңғы сында алтын үшін шаршы алаңға шығатын болады.
Еске сала кетейік, бұдан бокстан Азия чемпионатында Әйгерім Сәттібаеваның қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.
Виктория Графеева қарсыласын нокаутпен ұтты.