ШҚО-да жүк көліктері бір ай бойы жолға шыға алмайды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында 1 айдан астам уақытқа жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Қарағанды облысының тас жолдарында жүк көліктеріне 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: Kazinform

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 наурыздан бастап өңір жолдарында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді. 1 мамырға дейін созылатын бұл шектеу көктемгі қар еру кезеңінде жол жамылғысын сақтау мақсатында қолға алынып отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл кезеңде жолдардың негізі шамадан тыс ылғалдану салдарынан әлсіреп, ауыр салмақтың әсерінен бүліну қаупі артады. Осыған байланысты бір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне шектеу қойылды.

Бұл ретте халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, әлеуметтік маңызы бар жүктерді, атап айтқанда азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлар салдарын жоюға қажетті жүктерді тасымалдауға шектеулер қолданылмайды.

Еске салсақ, осыған дейін Шымкентте бүлінген жол көліктерге зақым келтіргені жайлы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар