Air Astana акциялары 15 ақпаннан сатыла бастайды

АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың 15 ақпанында Air Astana акциялары сатылымға шығарылады. Бұл туралы Air Astana тобының қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел айтты.

Эйр Астана
Фото: Александр Павский/ агентство Kazinform. 

«Бүгін біз роуд-шоуды Лондон мен Қазақсанда бір уақытта бастаймыз. Листинг 8 ақпанға дейін жалғасады деп күтеміз. Сауда-саттықтың 14 ақпанда Лондонда және 15 ақпанда KASE пен AIX-те басталатындығы сөзсіз», - деді Ибрахим Жанлыел zoom арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, қазірді өзінде өтінім қабылдау ашық. Яғни, әлеуетті инвесторлар сатып алуға және акциялар санына қатысты өтінімін бере алады.

Орналастырудың болжамды баға диапазоны ғаламдық депозитарлық қолхаттар ( мұнаны ары - ҒДҚ) үшін 8,50-ден 11,00 АҚШ долларға дейін және акция үшін 2,13-тен 2,75 АҚШ долларға дейін белгіленді. ҒДҚ мен акция үшін ұсыныстың түпкілікті бағасы орналастырудың баға диапазонында болады. ҒДҚ базалық активі компанияның жай акциялары болады, бұл ретте бір ҒДҚ базалық активі - 4 (төрт) акция. Акцияның түпкілікті бағасы теңгемен белгіленеді және баға жарияланған күннің алдындағы күні қолданыста болатын Қазақстан Ұлттық банкінің (ары қарай – «ҚҰБ») ресми бағамы бойынша 4 (төртке) бөлінген және теңгемен айырбасталған ҒДҚ үшін түпкілікті бағаға тең. KASE және AIX акцияларына инвесторлардың өтінімдері теңгемен берілуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар