20:02, 15 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Air Astana: Алматыдан ұшатын рейстер кешігіп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Күн райы бұзылып, қалың қар түсуіне байланысты Air Astana әуекомпаниясының Алматыдан ұшатын рейстері кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы әуекомпания мәлім етті.

— Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан ұшатын рейстердің қалың қар жаууына байланысты кешіктірілетінін хабарлайды. Қар ұшақтарды мұзға қарсы өңдеу жұмыстарына кедергі келтіреді. Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтынан тексеріп алуыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Air Astana ұшағы Алматыдан Ақтөбеге ұшпай қалғанын жазған болатынбыз.