Air Astana компаниясы рейстер кешігуі мүмкін екенін ескертті

АСТАНА. KAZINFORM — Әуе компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлады. 

самолет, рейс, аэропорт, air astana
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Әуекомпания еліміз бойынша метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты рейстер кешіктірілуі мүмкін екенін хабарлайды, — делінген хабарламада.

Компания жолаушылардан рейс статусын әуекомапнияның сайтынан тексеріп отыруды өтінді. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында да рейстер кешігіп жатқаны хабарланды. 

Онлайн-таблодағы деректерден ішкі және халықаралық бағыттар бойынша кейбір рейстер кешігіп жатқанын көруге болады. Мысалы, Новосибирск, Астана және Ақтау бағыттары бойынша ұшу кейінге шегерілсе, Новосибирск, Астана, Өскемен, Ташкент, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Орал, Дели, Фукуок, Шарм-эль-Шейх және Дубайдан келетін рейстер де кешіккені белгілі болды.

Сондай-ақ 5 қарашадағы қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде көлік қозғалысы шектелген еді. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында жолдар уақытша жабылды.

Соңғы жаңалықтар