АИТВ-ны қасақана жұқтыру дерегіне қатысы барлар іздестіріліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырауда АИТВ-ны қасақана жұқтырды деген күдікке ілінгендің ісіне қатысты түсінік берді. 

АИТВ-ны қасақана жұқтыру дерегіне қатысы барлар іздестіріліп жатыр
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Атырау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АИТВ-ны қасақана жұқтыру дерегін анықтады. Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.

Еске салсақ, жақында Атырауда АИТВ-ны қасақана жұқтырды деген күдікпен екі адам ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, трансгендер адам ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум