Әкімдер есебі: 2015 жылы Теміртауда машина жасау саласында зәкірлі жобаны жүзеге асыру жалғасады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында 2015 жылы құны 1,3 млрд. теңге болатын энергетикалық машина жасау зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жалғасады. Бұл туралы тұрғындармен есептік кездесуде қала әкімі Нұркен Сұлтанов мәлім етті.

«2012-2020 жж. моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Теміртау қаласы бойынша екі жоба енгізілді. Бірі - «Қарцемент» АҚ құрғақ тәсілмен цемент шығаратын №5 технологиялық желіні іске қосу. 2014 жылы 9 маусымда іске қосылған жоба құны 12 млрд. теңге. Іске қосылғаннан 435,2 мың тонна цемент өндірілді. Екінші «ҚазЭнергомаш» корпорациясы» ЖШС Энергетикалық машина жасау зауытын салу жобасын жүзеге асыру биыл жалғасады. Жоба құны 1,3 млрд. теңге», - деді Н. Сұлтанов.

Теміртау моноқаласын дамыту Кешенді жоспарына зәкірлік жобаның қатары 2 жобамен толықтырылды: «Теміртау кірпіші» ЖШС қаптайтын кірпіш өндірісі, құны - 2,4 млрд. теңге, 100 жұмыс орны құрылады; «КазГазоБлок» ЖШС құрылыс материалдарын өндіретін зауыт құрылысы, құны 300 млн. теңге, 46 жаңа жұмыс орнын құру», - деп қосты қала басшысы.

Сонымен қатар ол 2014 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгені құрайтын қала кәсіпкерлерінің 30 жобасы мақұлданып, несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсиядиялау түріндегі қолдауға ие болды. Бұл бағытқа республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді.

Осы бағдарлама бойынша өткен жылы Теміртауда 8 білім беру ошағында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 325,9 млн. теңге жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram