Әкімдік Астанада жарықтың апатты өшуіне қатысты түсініктеме берді

АСТАНА. KAZINFORM — Астана әкімдігі қаладағы Тұран қосалқы станциясындағы ұяшықтардың апатты жағдайда өшірілуіне қатысты түсініктеме беріп, жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын мәлім етті.

Әкімдік Астанада жарықтың апатты өшуіне қатысты түсініктеме берді
Фото: Астана әкімдігі

Түнгі уақыттан бері жедел апаттық бригадалар РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына жедел қызметтің үш бригадасы, Есіл аудандық электр желілері қызметінің мамандары, сынақ және диагностика қызметі, сондай-ақ кабель желілері қызметінің мамандары дереу жетті. Үйдің ортақ қажеттіліктерін ең төменгі деңгейде қамтамасыз ету үшін дизельді-генераторлы қондырғылар қосылды.

2025 жылдың 22 қарашасы күні сағат 01:06–да «Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болып, РП-217-ге энергия беретін № 106 және № 210 ұяшықтары ажыратылды.

— Шектеу аймағында жеті тұрғын үй кешенінің тұтынушылары бар. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр, — деп атап өтті ведомство.

Бұған дейін Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар