Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жол жабық

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Ақтөбе-Орск» (39-135 шақырым); Ш. Қалдаяқов кентінен РФ шекарасына дейін, «Ақтөбе қ. солтүстік айналма жол» (0-39 шақырым), «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» (0-234 шақырым), Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін учаскеде көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі): «Екатеринбург-Алматы» (1492-1854 шақырым), Қарағанды қаласы учаскесінен Балқаш қаласына дейін; «Екатеринбург-Алматы» (1353-1425 шақырым), Теміртау қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейін учаске қоғамдық және жүк көліктері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.