Ақмола облысында қатыгездікпен кісі өлтіру ісі: күдіктіге қатысты қосымша мәлімет айтылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылында отбасы мүшелерінің өліміне қатысты істі тергеудің мән-жайын айтып берді.

 Санжар Әділов
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

- Аталған дерекке қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, оқиға орнында да қосымша тексеру іс-шаралары қамтылған, ол жерге тергеу тобы жіберілді, - деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, күдікті бұған дейін де істі болған.

- Марқұмдардың мәйіттері анықталып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, - деді министрдің орынбасары.

Еске салсақ, 2 наурызда полиция 4 туысын өлтірді деп күдікке ілінген ақмолалықтың ізін суытпай ұстағанын хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум