Ақмола облысында көлік қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Ақмола облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізілгенін хабарлады.
– 2025 жылғы 31 қазан сағат 21:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 180 – 243 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетілді. Жылдамдық режимін 2025 жылғы 1 қараша күні сағат 06:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.
Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Алматының Орталық стадионы жанында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін концерт алдында қауіпсіздік шараларын күшейтті.