Ақмола облысында мешіттің қазандығы жарылды

шымкент мешіт
Фото: dzen.ru

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында мешітте жылыту қазандығы жарылып, бір адам зардап шекті.

Төтенше жағдай 2 ақпанда Сабынды ауылындағы мешітте болған. 

Алдына ала мәлімет бойынша, мешіттің жылыту қазандығы жарылған. Салдарынан 1971 жылғы отжағушы «қолдарының термиялық күйігі» диагнозымен аурханаға жатқызылды.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен оқиғаның мән-жайы анықталып жатқандығын, кейін толық мәлімет берілетінін айтып түсіндірді.

«Оқиға бүгін сағат 03:15–те болды. Ғимараттың қирауы мен жануы болған жоқ. Жылыту қазандығы жарылған  кезде пеш жағушы маман термиялық күйік алды. Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласындағы ауруханалардың бірінде» - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің түсініктемесінде.

Айта кетсек, бұдан бұрын Щучье қаласында өртенген үйден 10 адам эвакуацияланғанын жазған едік.

 



Соңғы жаңалықтар