Ақмола облысының Ерейментау ауданында есірткі зертханасы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Биылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Ақмола облысы бойынша департаменті Ерейментау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

Ерейментауда есірткі зертханасы анықталды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ерейментаудағы есірткі зертханасы
Фото: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

7 кг-ға жуық «мефедрон» жүйкеге әсер ететін заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленген.

есірткі
Фото: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ерейментаудағы есірткі зертханасы
Фото: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Осыған дейін ҰҚК өкілдерінің аса ірі көлемде есірткі саудалаған қылмыстық топтың жолын кескенін хабарладық.

Ерейментаудағы есірткі хертханасы
Фото: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар