18:17, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Ақмола облысында ағасы туған бауырын өлтірген - ІІД
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Полицейлер өз бауырын өлтірді леген күдікпен Ақмола облысы Семеновка ауылының 43 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Целиноград ауданы Семеновка ауылындағы үйлердің бірінде 40 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам кеуде қуысына қадалған жара салдарынан жан тапсырған.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі нәтижесінде қаза тапқан адамның 1970 жылы туған ағасы ұсталды. Сұрақ-жауап алу кезінде ер адам істеген ісін мойындап, түсініктеме берген. Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚІК 132-бабына сәйкес ұсталып, уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 96-бабы бойынша («Кісі өлтіру») қылмыстық іс қозғалды.