17:04, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Ақмола облысында ақтөбелік азаматтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ақтөбелік азаматтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетсек, 9 желтоқсан күні Есіл ауданы аумағы арқылы өтетін "Жақсы-Бұзылық" тас жолының 64 шақырымында жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ДАВ» жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан бір адам көз жұмған еді. Кейін белгілі болғандай, мерт болған жанның 55 жасар ақтөбелік азамат екені анықталды.
Қазіргі кезде осы жол апатына байланысты ҚР ҚК 296 бабының 2 бөлімі бойынша (жол қозғалысы ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.