Ақмола облысында ауылдық, селолық округтер әкімдерінің есеп беру жиындары өтті

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағында ауылдық және селолық округтер әкімдердің 100 есеп беру жиыны өтіп,
None
None

атқарылған жұмыстар сарапталып, шешімін күткен түйткілдер қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы басқосуларға бес мыңға тарта адам қатысып, көтерілген мәселелер төңірегінде пікірлерін ортаға салып, өңір тұрмыс тауқыметін жақсартуға бағытталған ұсыныстарын жасады. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын сараптап, келер күн шешімін күткен түйіндерді қарастыруға арналған жиындар Аршалы, Ақкөл, Бұланды аудандарында өткізілді. Төменгі буын әкімдері есебінде өңірде Елбасының дәстүрлі Жолдауында белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуы, «Жол картасы» бағдарламасының шешімін табуы, өңірдің бәскелестікке қабілеттілік стратегиясы, аймақтың өндірістік-инновациялық дамуына орай жергілікті бағдарламалардың орындалуы, ауылдардың ажары мен экономикалық қабілеттілігін арттыру жайы тілге тиек етілді.

Жалпы аймақта осындай 692 есепті жиыны айқындалған. Соған сәйкес ауылдық және селолық әкімдердің - 414, аудандық және қалалық әкімдердің жергілікті әкімдермен бірлескен 278 есеп беру жиналысы өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар