20:09, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Ақмола облысында автокөлікті мас күйінде айдағаны үшін Атбасар ауданы әкімінің орынбасарын жүргізуші куәлігінен айырады
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Атбасар ауданы әкімінің орынбасары автокөлікті мас күйінде айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айрылады.

Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қаженов Жоламан Ғалымұлы айдаған қызметтік автокөлікті 18 мамыр күні түнгі сағат үш шамасында Атбасар қаласы көшелерінің бірінде жол полициясы қызметкерлері тоқтатқан. Медициналық куәландыру шенеуніктің аз мөлшерде ішімдік ішкенін көрсеткен.
Ереже бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Материал сотқа берілді.