Ақмола облысында біреудің көлігін айдап әкеткен 21 жастағы жігіт құрықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының «Лесная поляна» тұрғын үй кешенінде бейнебақылау камерасы арқылы автокөлік ұрлығы әшекерленді.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабаралады.

Полицейлердің мәліметіне қарағанда, желтоқсанның 10-ы күні аудандық ІІБ Қосшы селосының тұрғыны үй ауласында тұрған «Шевролет» көлігін белгісіз біреудің айдап әкеткенін айтып шағымданған. Осыған байланысты жедел-іздестіру шарасы қолға алынып, үй ауласына орнатылған бейнебақылау камерасының көмегімен ұрының кім екені тез арада анықталды.

Көп ұзамай күдікті де 1993 жылғы жергілікті тұрғын құрықталып, темір тұлпар иесіне қайтарылды. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 185-бабының 1-бөлімі бойынша (біреудің көлігін заңсыз иемдену) қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар