Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 53 жастағы әйел іздестірілуде

Полицейлердің мәліметі бойынша жоғалған əйел Венера Мұратқызы Лукьянова - Астрахан ауданы Жалтыр ауылының тұрғыны.
Ағымдағы жылдың 6-шы желтоқсанында Астрахан аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 53 жастағы әйелдің жоғалып кеткені туралы туыстарынан арыз түсті. Ұлының сөзіне қарағанда, анасы 29 қарашада үйінен шығып, қайтып оралмаған.
Полицейлерге белгілі болғандай, əйел жалғыз тұрған. Үш баласы ер жеткен жəне Астана қаласында жұмыс істейді. Əйелдің аздап психикалық ауытқуы болған, көршілерінің ешқайсысымен араласпаған. Осыған дейін бірнеше рет үйінен кетіп қалып отырған. Сол себепті туыстары жоғалған күндері өздері іздеуге тырысқан. Алайда, одан түк шықпаған соң ғана полицейлердің көмегіне жүгінген.
«Қазіргі кезде, іздестіру шарасына Астрахан аудандық ІІБ жеке құрамы тартылған", деп көрсетілген хабарламада.