Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы мектеп оқушысы іздестірілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен мектеп 16 жастағы оқушысы іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Полицейлердің дерегі бойынша 16 жастағы Нұрайлым Құлмағанбетқызы Сұлтанованың жоғалғаны жөнінде аудандық ІІБ-не қыздың әкесі хабарласқан.

«Әкесінің сөзіне қарағанда, 5  қараша күні таңғы уақыт 09:00-дерде қыз сабаққа аттанып, кейін үйіне оралмаған. Туысқандары тәулік бойы өздері іздестіріп, еш нәтиже шықпаған соң полицияға хабарласқан.

Қазіргі кезде, арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған қызды Астана қаласы мен көрші аудандар аумағында іздестіруде. Сондай-ақ, Нұрайлымды көруі мүмкін деген туыстары, таныс және достары анықталып, сұрастырылуда», - дейді полицейлер.

Нұрайлым Құлмағанбетқызы Сұлтанова: бойы 170 см, дене бітімі орташа, ақ құба, шашы ұзын қоңыр түсті,  қой көзді, мұрны тік, тістері бүтін.  Денесінде жара тыртықтар мен  туа біткен қалдары жоқ.

Үсіне киген киімі: тоқылған қоңыр түсті бас киім, көк түсті балон куртка, көк түсті джинсы шалбар, қара түсті шолақ қысқы етік және алқызыл түсті жейде.

Соңғы жаңалықтар