Ақмола облысында іздеуде жүрген қылмыскерлер өзге қалалардан табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында іздеуде жүрген қылмыскерлер өзге қалалардан табылды.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және осыған дейін жасалынған қылмыстардың бетін ашу бағытында ауқымды шаралар жүргізілуде.

«Көкшетау қалалық ІІБ қызметкерлері Астана қаласында жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында  іздеуде жүрген 12 рет ұрлық жасаған қылмыскерді қолға түсірді. Қазіргі кезде күдікті Көкшетау қаласының ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сонымен қатар, тағы бір қылмыскер Шығыс Қазақстан облысы аумағында ұсталды. Өскемен қаласында полицейлердің қолына түскен ол Шортанды ауданында ұрлық жасағаны үшін айыпталып отыр. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар