Ақмола облысында құлаған ұшақ: Бір адам ауруханада көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатынан зардап шеккендердің бірі ауыруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ақмола облысындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге Орталық теміржол ауруханасының мамандары мен дәрігерлері бір тәулік бойы реанимация және қарқынды терапия шараларын жүргізді. Бұл аралықта науқастың жүрек қызметі төрт рет тоқтады. Үш рет жансақтау әрекеті септігін тигізді. Жүрек қызметі соңғы рет тоқтағанда, реанимациялық әрекеттер көмектеспеді. Дәрігерлер биологиялық өлімді растады», - деп хабарлады

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқастың өте ауыр жағдайда түскенін, оның өмірі үшін қаланың ең үздік мамандарының арпалысқанын атап өтті.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш көз жұмып, екі экипаж мүшесі түрлі жарақатпен аурханаға жеткізілді.

Апат себептері анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша («Теміржол, әуе және су көліктерін пайдалану ережелерінің сақталмауы») қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар