Ақмола облысында полицей кісі өлтіру фактісін жасырғаны үшін сотталуда

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы аудандық сотына ҚР ҚК-нің 363 бабы-1, 3 бөлімінің «а» және «б» тармақтары, 308 бабының 2 бөлімі бойынша айыпталған полицейге қатысты қылмыстық іс келіп түсті.
None
None

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Бердалиев С. есімді полиция қызметкері өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде басқа адамдармен бірлесіп, өзі қызмет ететін әкімшілік учаскеде зорлықпен өлтірілген адамның мәйіті табылғандығы жөнінде ақпаратты жасырып, аса ауыр қылмыстың орын алғанын қасақана тіркемеген», - делінген хабарламада.

Кезекті сот отырысы ағымдағы жылдың 18 наурызына белгіленді.

Соңғы жаңалықтар