Ақмола облысында сәуірдегі су тасқынынан зардап шеккен 29 отбасыға пәтер кілттері табысталды

Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Үкіметінің төтенше резарвінен бөлінген 500 млн. теңге көлеміндегі қаржыға екі 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған еді және жатақхананы 29 пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жаңғырту қолға алынған.
21 тамызда Атбасар қаласында №1 орта мектептің күрделі жөндеуден өткен ғимаратын және бұрынғы медициналық оқу орнының жатақханасының қайта жөнделген ғимаратын 29 пәтерлі тұрғын үй түрінде пайдалануға тапсыру рәсімі өтті. Салтанатқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко, Ақмола облысының әкімі С.Кулагин, облыстық, аудандық құрылым басшылары, қаладағы оқу орындардың ұстаздары, педагог ардагерлер, ата-аналар мен №1 орта мектептің оқушылары, сондай-ақ жаңа қоныс иелері қатысты.
Ақмола облысының әкімі С.Кулагин ағымдағы жылдың сәуір айында Атбасар қаласында болған су тасқыны салдарынан үйлері қираған 29 отбасыға пәтердің кілттерін бірінші тапсырды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің дамуына және оны жетілдіруге қосқан үлесі, азаматтық борышын адал орындағаны, сондай-ақ Ақмола облысы Атабасар ауданындағы ауқымды су тасқыны салдарын жоюға белсене қатысқандары үшін Атбасар ауданының тұрғындары мен №4 МӨСБ құтқарушылары марапатталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен Ақмола облысындағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін екі 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға, тағы екі 45 пәтерлік тұрғын үй салуға, инженерлік желі орнатуға, тасқын салдарынан қираған үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге үкімет резервінен 938 млн. теңге мөлшерінде қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Атбасар қаласында және Атбасар ауданындағы 3 ауылда - Борисовка, Покровка, Садовое ауылдарында жөндеу жұмыстарын қажет ететін 352 тұрғын үйді қалпына келтіруге 129 469,6 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 20 тұрғын үйде ағымдағы жұмыстар - 100%, 19 үйде жөндеу жұмыстары 50-90% көлемінде орындалды.
Электр стансасы, Сарыарқа, Жамбыл, Көлік, 8 наурыз, Дала, Ульянов, Ибарури, Челюскин, Морозов, Қайсарин, Пионер, Оңтүстік, Молдағұлова, Құрманов, Есенберлин көшелері бойындағы жалпы ұзындығы 18,3 шақырым көшедегі жол желілеріне ағымдық жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Атбасар қаласындағы Жағалау, Қазақстан көшелері бойында үш су өткізу құрылғысын салу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.