Ақмола облысында сүт өндірісі 32,3 мың тоннаға ұлғайтылмақ

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп келеді. Биыл қолдау көлемі 106 миллиард теңге болды, оның жартысына жуығы немесе 46,6 миллиард теңгесі – қайтарымсыз субсидия.
«Облыста сүт өндірісін арттыру бағытында алғаш рет жеңілдетілген несие бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жалпы, 6 мың сиырға арналған 7 арнайы тауарлы сүт фермасын салу үшін 15 миллиард теңге жеңілдетілген несие беріледі. Бұл жобаларды жүзеге асыру облыста сүт өндірісін 32,3 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді», - дейді ведомстводан.
Сонымен бірге, өңірде «Ауыл Аманаты» ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасы бойынша бірінші кезеңде ауыл тұрғындары үшін 1,2 миллиард теңгеге (орташа қарыз – 4,8 миллион теңге) 250 шағын несие беру арқылы 265 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
«Ауыл шаруашылығы саласы Ақмола облысы экономикасының негізгі секторларының бірі саналады. Сол себепті, ауыл халқын қолдау және жұмыспен қамту мақсатында бөлінетін несие ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің барлық дерлік бағыттарын (ет және сүт мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығын дамыту, картоп пен көкөніс өсіру) қамтитын болады», - деп толықтырды ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын еліміздегі әрбір үшінші тонна ет Ақмола облысында өндірілетін жазған едік.