Ақмола облысында жаңа туған нәрестесін сатқан 19 жастағы қыз бала ұсталды

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шу қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері 48 жастағы әйелге 3 мың долларға туған қызын сатқан қыз баланы ұстады.
None
None

ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қыз бала туыстарына баланы өлі туды деп хабарлаған.

Бейшара анаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қамауға алу» түрінде бұлтарпау шарасы тағайындалды.

ІІМ ақпараты бойынша, Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғыны да адам саудасы жолымен байымақ болған. Ағымдағы жылдың сәуір айында күдікті күш қолданып, жас қызды ұрлап әкетіп, Астана қаласында сатып жіберген. Қыз бала жезөкшелікпен айналысады деп жоспарланған. Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар